KZ
Өскемен
+12°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Шемонайхада жас мамандарға жұмыс беріліп жатыр

8.11.2017, 03:18 45

Биыл Шемонайха ауданында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 52 жас маман жұмыспен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ 265 адам қайта даярлау курсынан өтуге жіберілген.


Ағымдағы жылы ауданда мүмкіндігі шектеулі 31 адам еңбекпен қамтылғанын айта кеткен орынды. Бүгінде Шемонайхада 327 адам жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр. Аудан әкімі Амангелді Тоқтаровтың айтуынша, биыл Шемонайхада 254 жаңа жұмыс орны ашылған.


– Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауында еңбек нарығын жаңғырту үшінші кешенді міндет екендігі айтылды. Соған байланысты біз жұмыссыздықпен күресу мақсатында аудан көлемінде бірқатар шаруа атқарып жатырмыз, - дейді Амангелді Тоқтаров.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив