KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Назарбаев зияткерлік мектебінде оқитын балаларға интернат ашылды

28.09.2017, 08:41 144

Биылғы оқу жылында Назарбаев зияткерлік мектебінде оқитын шалғайдан келген дарынды оқушылар үшін жатақхана пайдалануға берілген болатын. Бұл - осыған дейін туыстарының үйлерінде тұрып, оұуға мәжбүр болған ауылдан келген балалардың тұрмысын жақсартқан оңтайлы шешім болды.


Жатақханада қазір 90-нан астам жасөспірім тұрып жатыр. Олардың күн тәртібі таңғы жаттығудан бастап, мектептегі сабақтары, мәдени және спорттық шаралар, тынығатын мезгілі, серуендеу уақыты бекітілген. Интернат үйінде балалардың тұрмысына қолайлы барлық жағдайлар жасалған, бес уақыт тамақтанады.


Балаларының тамаша үйіне ата-аналары да қуанышты. Олар мектеп әкімшілігімен кездесіп, өздерін толғандырған барлық сұрақтарына жауап алды. Оқушылардың тұрмысын педагогикалық өтілі бар, бекітілген тәрбиешілер бақылайтын болады.


– Біз әлеуметтік желілерде ата-аналардың тобын аштық. Ол жерге жеткіншектерді алып тұруға сенімхаты бар қаладағы туыстары да кіргізілді. Қажет жағдайларда біз жеке-жеке де жұмыс істейміз ,– дейді жатақхананың меңгерушісі Анар Үсенова.

Мектеп директоры Кульфарида Раисованың мәліметі бойынша, 120 балаға арналған интернат үйі жаңадан салынған Назарбаев зияткерлік типті мектебінің құрылысы кезінде бой көтерген. Бұл жаңашылдық алыстағы аудандардағы талапты балалардың Елбасы мектебінде білім алуына толықтай жол ашады.

Естеріңізге сала кетейік, зияткерлік мектепке 7-сыныптан бастап, тек «Өркен» білім грантын жеңіп алған жасөспірімдер ғана кешенді тестілеудің қорытындылары бойынша қабылданады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив