KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Семейлік бойжеткен «Мисс космополитен 2017» әлемдік сұлулар байқауына қатысады

7.09.2017, 03:32 158

Семейлік Алуа Әзілханова Малайзия елінің астанасы Куала-Лумпур қаласында өтіп жатқан «Мисс космополитен 2017» байқауына қатысып, ел намысын қорғауда.


Әлемнің 50 мемлекетінен келген хас сұлулар бас қосқан осынау әлемдік байқауға қатысуға жолдама алған 23 жастағы Алуа қазір Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде білім алуда.


– Көрермендердің көбісі «Сұлулық байқауында тек әдемі көрінсеңіз болғаны» деп ойлайды. Алайда, бұл қате пікір. Себебі, сайыста тек сыртқы сұлулыққа ғана емес, ішкі жан дүниеңіздің тазалығына, ой-өрісіңіздің деңгейіне баса назар аударылады. Сонымен қатар, көпшілік алдында өзіңізді қалай ұстайтыңыз міндетті түрде ескеріледі, - дейді Алуа Әзілханова.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив