KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
485.11 523.82 5.02

Әуежайда Қазақстан арқылы Еуропаға ұшпақ болған Ауғанстан азаматшасы ұсталды

23.05.2017, 18:00 77



Алматы әуежайында Ауғанстан азаматшасы ұсталды. Ол екі баласымен жалған төлқұжаттармен Киевке ұшпақ болған, деп хабарлады ҰҚК шекара қызметі.

"Отбасы Украина арқылы Венаға бармақ болған. "Алматы" өткізу бекетінің қызметкерлері Алматы–Киев рейсіне тіркелу кезінде Ұлыбританияның жалған төлқұжатын көрсеткен Ауғанстан азаматшасын ұстады ", - делінген шекара қызметінің сәрсенбі күні таратқан хабарламасында.

Құжаттарды мұқият тексеру кезінде үш төлқұжаттың да жалған екені анықталды, делінген хабарламада.
Төлқұжаттар тәркіленіп, тиісті органдар құлағдар етілді.

interfax.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив