Өткен аптада Өскемен қаласында басталған жол қозғалысы жас инспекторларының XIV республикалық слеті кеше өз мәресіне жетті. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев жеңімпаз командаларды құттықтап, бағалы сыйлықтар табыс етті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Қазақстанның облыстарымен қатар Тәжікстан, Ресейден келген жас инспекторлар Өскеменге іргелес орналасқан А.Матросов атындағы балаларды сауықтыру кешенінде өткен слетке белсене қатысты. Бір аптаға созылған сайыста жас инспекторлар 10 аталым бойынша сайысқа түсіп, жеңімпаздар анықталды. Әрқайсысы сыйлықтар мен мақтау қағаздарына ие болды.
Ал жалпыкомандалық есепте 5-орын Батыс Қазақстанға бұйырса, 4-орынды Ақмола облысы алды. Ал 3-орынды қарағандылықтар қанжығаларына байлады. 2-орыннан Қызылорда командасы көрінді. Өзгелерден үздік шығып, 1-орынға табан тіреген Қостанай облысының командаcына слеттің көшпелі жалауымен бірге бағалы сыйлықтар табысталды. Шара барысында Ресейден келген қатысушылар шығысқазақстандықтарға алғыстарын айтып, қыркүйекте Анапада өтетін слетке шақырды.
Мерей Қайнарұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz