KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Өзге ұлт өкілдері балаларының қазақ тілін білу сайысы болып өтті

3.05.2014, 18:00 379



«Өзге тілдің бәрін білу», ең болмағанда, басқа бір тілді білу адамның рухани жан-дүниесін байытатындығында сөз жоқ. Сол себепті де қазіргі біздің мектепте білім алып жатқан өскелең ұрпақтың мемлекеттік тілді игеруге құлшынысы әбден түсінікті. Жыл санап қазақ тілін меңгерген басқа ұлт өкілдері Бородулиха өңірінде көбейіп келе жатыр. Расында да қандай да болсын мекемеге, айталық, халыққа қызмет көрсету орталығына барғаныңызда, еуропаша киінген, аты-жөні тіпті де қазақша емес бойжеткен немесе бозбала сізбен қазақша тіл қатысқанда, кәдімгідей жадырап қаласыз. Бұл мені де, яғни кез келген қазақты да шын қуантып тастайды.

Осы орайда біздің аудандағы қос мекеме М.Асавбаева басқаратын Бородулиха аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Гүлмира Бақдәулетқызы басқаратын мемлекеттік және өзге тілдерді оқыту орталығы Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мен іске асырудың жолдары өте көп. Солардың бірі - конкурстар өткізу.

Иә Бородулиха қазақ орта мектебі қазақ руханиятының бас қосатын ордасы.

Соңғы жылдары мұндай конкурстар өткізу Бородулиха жерінде дәстүрге айналып, Бородулиха аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Мемлекеттік және өзге тілдерді оқыту орталығы өткізетін ерекше шаралардың біріне айналып отыр. Бұл жолғы «Тіл - халықтың жанын танудың кілті» тақырыбында өткен конкурсқа Жезкент кентінің мектеп-лицейі (Бақытгүл Райбекқызы Тажибаева дайындаған 10-сынып оқушысы Щвецов Игорь Владимирович), Жерновка орта мектебі (Гауһар Мысырқызы Сағнаева дайындаған 8-сынып оқушысы Иванова Валентина Александровна), Новопокровка орта мектебі (оқушы Хорун Борис Борисович), Песчанка орта мектебі (Қарақас Әзібайқызы Даирова дайындаған 9-сынып оқушысы Сахнова Анастасия Николаевна) және Абай атындағы негізгі орта мектебінен (Виктория Парасюкова дайындаған 9-сынып оқушысы Кудашова Виолетта Валерьевна) қатысты.

Сондай-ақ «Тіл - халықтың жанын танудың кілті» деп аталатын тақырыптағы осы конкурсқа Жерновка орта мектебінің директоры Тоқтар ағамыздың өзі бас болып келуі көңілді бір жадыратып тастады. Оны жоғары деңгейді өткізуге Самал Жақсылықова басқаратын мектеп ұжымы атсалысты. Бұл ретте конкурсқа мемлекеттік және өзге тілдерді оқыту орталығының директоры Гүлмира Бақдәулетқызынан, осы орталықтың оқытушысы Арай Оразғалиқызы және Бородулиха қазақ орта мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Назаргүл Қабылқыздарынан тұратын әділ қазылық етті.

Солай дегенмен де... Конкурстың аты конкурс... бірінші кезеңде 30 минут бойы тест тапсырмасы орындалса, екінші кезеңде ауызша және жазбаша тапсырмалар орындалды. Берілген тақырыптардың біріне 1,5 беттік эссе жазып болған соң, әділқазылар алқасының түрлі ауандағы сұрақтарына жауап беру бөлімі оқушылардың қазақ тілін қаншалықты меңгергенін паш етті. Нүкте қояр финалдық кезеңде конкурсанттар кез келген жанрда мәтінді жатқа мәнерлеп оқып шыға білді.

Мұндай бәсекелерде, әрине, сол сәтте өзгеше құлшынғандардың жұлдызы жанатыны белгілі. Сол жұлдызы жанғандардың арасында бірінші орынды 91 балл жинаған Виктория Парасюкованың шәкірті Виолетта Валерьевна Кудашова (Абай атындағы негізгі орта мектеп) иеленді.

Енді Виолетта Валерьевна Кудашова аудан намысын облыстық байрақты бәсекеде қорғайтын болады. Енді Виолеттадан жерлестері тек жүлделі орындардан көрінуді тілейді!

Қазақстан халықтары бірлігі мерекесі қарсаңында өткен бұл конкурстың маңызы өте зор болды.

Серік Әбілқасымұлы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив