KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

«Құрмет» орденімен марапатталды қаламы қарымды журналист

17.12.2013, 18:00 149



Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс өңіріндегі меншікті тілшісі Оңдасын Елубайға Тәуелсіздік күні мерекесінде Елбасының Жарлығымен «Құрмет» ордені табыс етілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оңдасын Елубай елімізге танымал журналист, Қазақстанның құрметті спорт және мәдениет қайраткері, Сейдахмет Бердіқұлов және Журналистер одағы сыйлығының иегер. Қаламы қарымды журналист-жазушы оқырманымен ой бөліскен «Алтайым – алтын тамырым», «Аялайық Алтайды», «Жүрегімде жастықтың ізі қалды», сондай-ақ, қазақ спортының жетістіктері мен проблемаларын көзі қарақты оқырманға жеткізген, табысына сүйсініп, кемшілігіне күйінген «Шымыр келер Шығыстың ұл-қыздары», «Жанарымда – жасыл құрлық», «Турин тағылымы» сынды оннан астам жинақтардың авторы.

Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі Оңдасын Елубайдың жазған өткір де өзекті мақалалары оқырмандар тарапынан өзінің жоғары бағасын баяғыда-ақ алған. Әріптесіміздің мемлекеттік наградамен марапатталуы – журналист еңбегіне көрсетілген зор құрмет!

Оңдасын Елубайды мемлекеттік наградасымен құттықтай отырып, жаңа шығармашылық табыстар тілейміз.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив