KZ
Өскемен
-3°
небольшая облачность Штиль
481.84 531.33 5.07

Семейде суретші-реставратор мектеп оқушыларымен қызықты әңгіме сағатын өткізді (+фото)

20.11.2013, 18:00 249


«Мәдени сенбілік» бағдарламасының шеңберінде Семейдегі Невзоровтар отбасының өнер мұражайының қалпына келтіру шеберханасында суретші-реставратор О.О. Рубинчик мектеп оқушыларымен қызықты әңгіме сағатын өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі мұражайдың баспасөз ақпаратына сілтеме жасап.

Суретші-реставратор Семей шаһарындағы №43 орта мектептің 5 «б» сынып оқушыларымен «Картиналар да «ауырады»» - атты тақырыпта әңгіме-дүкен құрды.

Семейде суретші-реставратор мектеп оқушыларымен қызықты әңгіме сағатын өткізді (+фото)Суретші балғындарға картиналарды қалай «емдейтіні» жайлы және біздің елімізде суретші-реставратор мамандардың жеткіліксіздігі туралы айтты. Балалар реставрация жасау және оған керекті құрал-жабдықтарға қызығушылық танытты.

Семейде суретші-реставратор мектеп оқушыларымен қызықты әңгіме сағатын өткізді (+фото)Кейбір оқушылар келешекте осы мамандық жайлы ойланатындарын білдірді. Кетерінде балалар туындыларға тезірек "жазылып кетулерін» тіледі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив