KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Рухани келісім – ел бірлігінің нышаны

16.10.2013, 18:00 295


Құрметті шығысқазақстандықтар!
Баршаңызды Рухани келісім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!


Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері негізгі мейрамдардың қатарында Рухани келісім күнін атап өтуде. Бұл дәстүр Алматыда өткен Әлемдік рухани келісім конгресінің алғашқы сессиясынан бастау алады.

Айтулы мейрам Қазақстанның бейбітшілік пен келісімге бағыт-талған салиқалы саясатының сим-волдарының бірі десек, артық айтқандық емес. Өйткені, бұл ба-ғыттың өміршеңдігіне бәріміз куә болдық.

Еліміздегі барлық конфессиялар және этностар арасындағы келісім – қазақстандықтардың болашаққа зор үмітпен қарауына негіз болды. Оған әрқайсымыздың қосар үлесіміз салмақты.

Рухани келісім күні бірлік пен мейірімділік, игілік пен өркендеудің нышанына айналсын. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз!

Бердібек Сапарбаев,
Шығыс Қазақстан облысының әкімі,
Григорий Пинчук, облыстық мәслихаттың хатшысы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив