KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 3 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Ауданның көрікті жерлерін аралады

15.10.2013, 18:00 112


Қайырымдылық айлығы аясында Сарыөлең тірек ауылында Күршім ауданы әкімінің қабылдауы өткізілді. Ауданның барлық округтерінен шақырылған сыйлы қонақтар алдымен аудан орталығындағы «Қазақ елі» монументін, «Жас-тар» саябағын, «Сарытау» стадионын аралап көрді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұдан соң Сарыөлеңдегі «Балдәурен» демалыс лагерін, осындағы орта мектепті, шағын орталық пен саябақты аралап, абаттандыру жұмыстарымен танысты. Аудан басшылары мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Ақтекенов қарияларға жылы лебіздерін білдірді.

Өздері үшін арнайы жайылған мол дастарқаннан дәм татып, өнерпаздардың концертін тамашалаған қарттар мен мүгедектер осы шараны ұйымдастырушыларға ризашылық білдіріп, шын жүректен алғыстарын айтты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив