KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 4 м/с, СБ
483.23 534.74 5.12

Семей қаласына Түркестаннан ардагерлер қонақтап келді

22.10.2013, 18:00 170


Семей қаласына Түркестаннан ардагерлер қонақтап келді. Қариялар киелі өңірге сапарларын Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан бастады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Одан кейін Абай тарихи-мәдени және әдеби-мемориалды қорық-мұражайының көрмесімен танысқан қонақтар шығармашыл зиялылармен, қаланың жастар ұйымдарының белсенділерімен кездесті. Бұл басқосуға Абайдың ұрпағы Балтабек Ерсәлімов арнайы шақырылған болатын.

Алыстан ат арытып келген қонақтар Полковник аралындағы мемориалды кешенді тамашалады. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен Невзоровтар отбасы атындағы өнер мұражайын аралап, жәдігерлермен танысқаннан кейін қала әкімі Айбек Кәрімовтың қабылдауында болды.

Сапарларының екінші күні ардагерлер Абай ауданындағы Жидебай мемориалды кешеніне аттанды.

Түркестандық зейнеткерлердің Семей қаласына келген сапарлары шаһардың көрікті жерлерін тамашалағанннан кейін Достық үйінде берген баспасөз мәслихатымен аяқталды. Қонақтар көрсетілген қонақжайлылық үшін алғыстарын білдірді.

Түркестен ардагерлер Кеңесінің төрағасы өз кезегінде семейлік замандастарын Ахмет Қожа Яссауидің мавзолейін және сонымен қатар Түркестанның басқа да тарихи жерлерін аралап, көруге шақырды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив