KZ
Өскемен
+27°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, ОШ
440.9 475.95 4.82

Семейде Қазақстанның еңбегі сіңірген әртісі концерт берді

9.10.2013, 18:00 191


Семейде еліміздің еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Бақыт Үдербаева концерт берді. Талантты әнші өзінің шығармашылық кешін Әміре Қашаубаевтың 125 жылдығына арнады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Концертте кеш иесінің шәкірттері де өнер көрсетті. Әншінің айтуынша, 1980 жылдары Әміре Қашаубаев атындағы республикалық ән бәйгесі оның шығармашылығына жеңіс сыйлаған. Содан бері ол Болат Сыбанов, Мәдениет Ешекеев сияқты халық таланттарымен бірге сахнада ән салды.

Концертте әншінің шәкірті Мейіргүл Нұрмұхамбетова ұстазына ән арнаса, әйгілі өнерпаздар Тұрсынғазы Рахимов, Гүлшат Еруова, Амангелді Жікенов көрермендер көңілін көтерді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив