KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 3,4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Қазақстанның алмастыру пункттері АҚШ долларының рекордты сатылымын тіркеді

22.08.2013, 18:00 100


Қазақстанның алмастыру пункттері АҚШ долларының рекордты сатылымын тіркеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.Ranking.kz сайтының деректеріне сілтеме жасап.

Шілде айында еліміз бойынша 2,5 миллиард доллар сатылды, бұл маусым айымен салыстырғанда 60 пайызға артық.

Соңғы рекорд 2009 жылы қаңтарда теңгенің девальвацияға ұшырауының алдында тіркелген болатын. Ол кезде алмастыру пункттері 2,3 миллиард доллар сатты.

Республика бойынша АҚШ долларын бір айда сату жағынан Қызылорда облысы көш бастап келеді, ол бір ай ішінде сатуды 90 пайызға өсірген. Одан кейін Солтүстік Қазақстан - 74 пайыз, үшінші орында 69 пайызбен жамбылдықтар. Ал шығысқазақстандықтар АҚШ долларын саудалаудың бір айдағы көрсеткішін 63 пайызға арттырған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив