KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 2 м/с, СШ
465.52 498.2 5.45

Қазақстан барысына Семейде пәтердің кілті тапсырылды

6.07.2013, 18:00 132


Семей қаласында Астана күнін мерекелеу кезінде қала әкімі Айбек Кәрімов «Қазақстан барысы-2013» турнирінің жеңімпазы атанған Айбек Нұғымаровты үш бөлмелі пәтердің кілтін тапсырды , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Шаһар басшысы спортшыға республикалық жарыста жеңіс әкелгені үшін алғысын айтты. Қазақстан барысының бапкері Серік Қоржыкеновке қала әкімі алғыс хат пен ақшалай сыйлық тапсырды. «Біз Айбектің олимпиада медалін де әкелетініне сенімдіміз», деді А.Кәрімов өз құттықтауында.

Нұғымаров өз кезегінде облыс әкімі сыйлаған автокөлікті бапкері Қоржыкеновке сыйлады. Мерекеге балуанның ата-аналары да қатысты. Шенеуніктер Нұғымаровтай ұл тәрбиелеп өсірген ата-анаға алғыстарын білдіріп, иықтарына шапан жапты.
Естеріңізге сала кетейік, қазақша күрестен Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаевтың сыйлығына өткізілген турнирде Айбек Нұғымаров «Қазақстан барысы-2013» атанған болатын.

Суретті түсірген Руслан Шақабаев.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив