KZ
Өскемен
+7°
ясно Штиль
480.11 532.25 5.14

Өскемен қаласында эндоскопиялық хирургтердің III халықаралық конгрессі өтті

4.07.2013, 18:00 95


Өскемен қаласында эндоскопиялық хирургтердің III халықаралық конгрессі өтті. Оған Үнді, Ресей, Украина, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан және Азербайджан мемлекеттерінің белді мамандары жиналды. Белгілі докторлармен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кездесті.

Облыс орталығындағы үш клиникада біздің хирург-эндоскопистер үшін жаңа жапондық эндоскопиялық және эндохирургиялық құралдарды пайдалану бойынша шебер сыныптары ұйымдастырылды.

Осы уақытқа дейін облыста 50-ден астам сәтті операция жасалды.

Бердібек Сапарбаев елімізде денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлініп отырғанын, жыл сайын қаржыландыру көлемі 12-13 пайызға артып отыратынын айтты.

Шығысқазақстандық дәрігерлердің Корея, Ресей мамандарымен, израильдік әріптестерімен тығыз жұмыс істейтінін де айта кеткен жөн. Біздің дәрігерлер аталмыш елдердегі жетекші клиникаларда тәжірибеден өтіп отыруды жақсы дәстүрге айналдырған.

Өскемен қаласында эндоскопиялық хирургтердің III халықаралық конгрессі өттіКонгрессте медицина қызметкерлерімен қоса облыс басшылығының да қызығушылығын тудырған озық құрал-жабдық көрсетілді.

Эндоскопиялық хирургияның озық тәжірибесі республикамыздағы дәрігерлердің барлығына қолжетімді болу үшін Қазақстанның барлық қалалары мен аудандарында осындай конгресс өткізу жоспарланған. Алғашқы таңдау Өскеменге түсіп отыр.

Қонақтар өз кезектерінде облыстық клиникалардың жақсы жабдықталғанын және біздің мамандардың кәсіби деңгейлерінің жоғары екенін атап өтті.


ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив