KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 2 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Катонқарағайда соғыс ардагерлеріне ескерткіш тақта орнатылды

19.05.2013, 18:00 179


Ұлы Жеңіс мерекесіне орай Катонқарағай ауданы Аққайнар ауылында соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіп, майданда
шейіт болған марқұмдарды мәңгі есте қалдыру мақсатында ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Бұл игілікті іс еңбек ардагері Мәулітхан Жусанбаевтың бастамасымен, осы жердің тумасы, отставкадағы генерал-майор Ораз Рақышевтің тікелей қолдау-көмегінің арқа-сында жүзеге асырылды.

Аққайнарлық 156 майдангердің есімі қашалып жазылған мемориал тақтаның құрылы-сына боздақтардың ұрпақтары мен ауылдық әкімдіктің азаматтары атсалысты. Ал майдангерлердің есімдерін анықтауда көнекөз қариялардың бірі Шөкін Нұржановтың тигізген көмегі зор.

Тұрсынхан Базарбаев

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив