KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 4 м/с, СБ
483.23 534.74 5.12

Ұлы Отан соғысының ардагерлері жыл аяғына дейін тегін ұшатын болды

21.04.2013, 18:00 122


Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен ауғандық жауынгерлер «Эйр Астана» және «SCAT» әуе компанияларының ұшақтарымен Қазақстан мен ТМД елдері аумағында тегін ұшатын болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы аталған топтағы адамдарға дәл осындай жеңілдік жасаған-ды.

Қос компания ұсынып отырған бұл жеңілдік жыл бойына жалғасады. Билеттерді сату және тасымалдау мерзімі бойынша ешқандай шектеу қойылмайды. Алайда бір ескеретін жайт, ардагерлеріміз әуежайлық және басқа да жолаушы төлемдерін (авиациялық қауіпсіздік, аэровокзалды пайдалану, жүк тасымалдау және т.б) өз қалталарынан төлеуге тиіс.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив