KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
488.91 532.62 5

Мемлекет ұсынып отырған субсидиялар жөнінде шаруаларға түсінікті тілде жеткізу керек

18.04.2013, 18:00 115


Ауылдардағы шаруалар мемлекет ұсынып отырған субсидиялар жөнінде толық білмейді. Сол себепті олардың арасында мемлекеттік бағдарламаларға қатысам деушілер аз, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бесқарағай ауданында жергілікті шаруа қожалықтары жетекшілерімен болған кездесуде облыс басшысы Б.Сапарбаев осы мәселеге ерекше тоқталды.

– Биыл жерде ылғал жеткілікті. Үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау да аз емес. Енді сіздерге тек осы бар мүмкіндікті сарқа пайдалану керек. Ауданда 400 мың гектардан аса ауыл шаруашылығы алқабы бар, соны тиімді қолдану қажет, – деді облыс әкімі бесқарағайлықтарға.

Егін егу науқанына фермерлердің сұйық отыны да, құрал-жабдықтары да дайын.

Бір, әттеген-айы – қолда бар техниканың көбі ескірген. Себебі, аудандағы ұсақ шаруа қожалықтарының, ал олардың саны 600-ден асады, заманауи техника алуға шамалары жетпейді.

Яғни, бұл ретте тағы сол қожалықтарды ірілендіру мәселесі қылаң береді. Өкініштісі сол, шаруалар әлі де болсын бірігуге аса құлшыныс танытпай отыр.

– Мына көршілес Абай ауданында қойдың саны – 283 мың бас, ал сіздерде – 44 мың бас. Неге? Екі өңірдің табиғаты да, ауа райы да бірдей, жер көлемі де шамалас. Ауданда мал саны өсіп келеді, бірақ қарқын тым баяу. Осы істі ширату қажет. Ауыл шаруашылығына қатысты мемлекеттік бағдарламалардың жай-жапсарын түсіндіру формальді түрде жүргізілмеуі тиіс. Мемлекет ұсынып отырған субсидиялар жөнінде шаруаларға түсінікті тілде жеткізуіміз керек. Аталған бағдарламаларға қатысам дейтін шаруалар аз, себебі, көпшілігі олар жөнінде білмейді, – деді өңір басшысы жиын соңында.

Ержан Әбіш
Сурет Е.Орынбаевтікі

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив