Әкімшілік қызметкерлері, мәслихат және бөлім басшылары мен қызметкерлері арасында волейболдан аудан біріншілігі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Тартысты өткен кездесулердің қорытындысын жариялаған аудан әкімінің орынбасары С.Брынзов жүрекжарды тілегін жеткізе келе, жүлдегерлерге арнайы кубокпен қоса дипломдар, естелік сыйлықтар табыс етті.
Мемлекеттік қызметкерлер арасында ұйымдастырылған волейбол ойындарының I орнын аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі, II орнын жер қатынастар бөлімінің қызметкерлері иеленсе, III орынды салық басқармасының намысын қорғаған азаматтар еншіледі.
Салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттауға бағытталған маңызды шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.