KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Өскемендік оқушылар Франциядан 35 дипломмен оралды

8.04.2013, 18:00 91


Өскемендік оқушылар Францияның халықаралық шығармашылық мектебінің жарыстарында керемет көрсеткіштерге жетіп, елге 35 диплом және жүлделі орындармен оралды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Еуропаның белді зияткерлік байқауында жерлес вундеркиндтер өз жобаларын қорғады. Математикадан өткен олимпиада мен өнер фестивалінде ерекше көзге түскен Шығыстың жас өрендері 35 дипломға ие болды. Балалар Франция, Андорра және Испаниядағы шетелдік құрбыларына егеменді еліміз Қазақстан жайында қызықты әңгімелеп берді.

«Тапсырмалар негізінен логикалық ойлауға арналған. Оның үстіне жүрген жерде оқушыларымыз Қазақстан туралы қызықты әңгімелеп берді. Біздің жобаларымыздың өзі кең байтақ еліміздің жарқын жақтары мен жетістіктеріне арналған болатын. Балалар көптеген шетелдік құрбыларымен достасып қайтқаны қуантады» дейді Өскемен қаласындағы №44 мектептің мұғалімі Нұржамал Садықова.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив