KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
443.03 480.38 4.91

Шығыс Қазақстан облысының орталығында 21 жастағы жігіт күйіп қалды

27.03.2013, 18:00 129


Шығыс Қазақстан облысының орталығында 21 жастағы жігіт I, II, III «а» дәрежелі күйікпен жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД-нің берген мәліметтері бойынша, Өскемен қаласындағы техникалық қызмет көрсету орталықтарының бірінде «Мерседес-Бенц» жеңіл автокөлігінің жанатын бөлшектері тұтанып, жанып кетті. Тілсіз жау гараж аумағының 4 шаршы метріне жайылған.
Соның салдарынан 21 жастағы жігіттің қолдары, мойны, беті күйіп, I, II, III «а» дәрежелі күйікпен жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Зардап шегушінің денесінің 12 пайызы күйіп қалған.

Қазір өрттің шығу себептері ретінде электр құрылғысын пайдалану ережесін бұзған немесе жоғары қауіпті агрегатты қолдануда абайсыздық танытты деген болжамдар тексерілуде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив