KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
443.16 480.39 4.94

Риддерде бір жастағы сәби балауыз шамына күйіп қалды

4.04.2013, 18:00 175


Риддер қаласында ата-анасының қарауынсыз қалған бір жастағы сәби балауыз шамына күйіп, I, II дәрежелі күйікпен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД түсіндіргендей, бақытсыз оқиға жайлы төтеншеліктерге №1 ауруханасының медбикесі хабарлапты. 2012 жылы туған бөбектің кеуде тұсы, іші күйіп қалған. Сәбидің денесінің 12-14 пайызы күлдіреген.

Тексеру барысында белгілі болғандай, бүлдіршін балауыз шамына күйген. Бөбектің қолына қауіпті заттың қалай түскені түсініксіз.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив