KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Өскеменнің «Восток» футбол клубы маусымашар ойынды жеңіліспен бастады

10.03.2013, 18:00 89


Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының кезекті маусымы өз жалауын көтерді. Аталмыш жарысқа қатысуға мүмкіндік алған Өскеменнің «Восток» футбол клубы маусымашар ойынын «Ақтөбе» командасымен өткізді. Ойынды облыс Әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы келіп тамашалады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Ақтөбе» – ел біріншілігінің төрт дүркін жеңімпазы, соңғы чемпионат-тың қола жүлдегері. Бұл командаға қарсы ойнау қашан да қиын. Осыны жете түсінген өскемендік футболшы-лар да ойынның алғашқы минутынан-ақ басты назарды қорғанысқа аударып, орайы келгенде қарымта шабуылдар жасап бақты. Осылайша сауатты ойын мәнерін таңдау арқасында қарымы мықты қонақтарға бірінші таймда есеп ашуға мүмкіндік берілмеді.

Бұл ойын сценарийі екінші таймда да өз жемісін беріп келе жатқан. Амал не, кездесудің 80-минутында Ю.Логвиненконың ойда-жоқта бағыт-таған добы қақпадан саңлау тапты. Сөйтіп, «Восток» 0:1 есебімен есе жіберді.
Келесі ойынын өскемендіктер сырт алаңда павлодарлық «Ертіспен» өткізеді.

Нұржан Кенжеұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив