KZ
Өскемен
+22°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
443.03 480.38 4.91

Өскемен қаласының тіршілігі қалыпты жағдайда өтіп жатыр

11.02.2013, 18:00 214


Өскемен қаласының тіршілігі қалыпты жағдайда өтіп жатыр, оған кеше, 11-ақпанда айтылған табиғи ТЖ әсер еткен жоқ, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сүйеніп.

Кеше бірнеше сағат бойы тоқтаусыз жауған қар мен ұйытқыған боранның салдарынан қала көшелерін қар алып, көліктердің қозғалысы нашарлаған болатын. Бір тәулік ішінде жауған қардың қалыңдығы 60-85 сантиметрге жетті. Соған қарамастан өткен түнде қаланың коммуналды қызметтері шаһардың негізгі жолдарын түгел қардан аршып қойды.

-Бүгін қаланың барлық қоғамдық көліктері маршруттарына шықты. Автобус жүргізушілерінің жолдардың сапасына деген айтарлықтай арыздары жоқ, - деді бүгін ертеңгісін қалалық жолаушыларды тасымалдау бөлімінің бастығы Владимир Панков.

Тұрғын үйлердің аулаларын, тротуарлар мен аялдамаларды тазалаумен пәтер иелері комитеті, мердігерлік ұйымдар айналысып жатыр.

Қалалық білім бөлімінің бастығы Александр Кузнецов бүгін, 12-ақпанда екінші аусымда оқитын 1-11 сынып оқушылары да сабақтардан босатылғанын айтты.

Қалада түні бойы шаһар әкімі Серік Тәукебаевтың жетекшілігімен ТЖ штабы өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Ендігі мәселе- жиналған қарды уақытында қала сыртына шығаруды ұйымдастыру болып тұр. Бұл жұмыстарға сырттан көмекшілер тартылатын болады.

ТЖ зардаптарын дер кезінде жою шараларын атқармағандар әкімшілік жауапқа тартылатынын тағы да ескертеміз.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив