KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 0,6 м/с, С
478.16 534.92 5.18

Облыстағы тірек ауылдарының 21-інде ғана бас жоспар бар, олардың кейбіреуінің орындалуына биыл қаржы қарастырылмаған да

24.01.2013, 18:00 124


Былтыр облыста құрылған тірек ауылдарын дамытудың үш жылға арналған бағдарламасы басталған болатын. Аудандардағы тірек ауылдарын өркендету бойынша 822 жоба жасалып, оның 673-і жүзеге асқан. 139 жоба жүзеге аспай қалды. 10-ы биылға қалдырылып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Е.Ясинская берген мәліметке сілтеме жасап.

Басқарма бастығының айтысына қарағанда, тірек ауылдарының 21-інің ғана бас жоспары бар. Абай, Тарбағатай, Үржар аудандарындағы 8 ауылдың бас жоспарына биыл қаржы қарастырылмаған. Тірек ауылдарын құрудағы негізгі мақсаттың бірі – жұмыс орындарын ашу болса, 3490 жұмыс орнын ашу жоспары 92 пайыз ғана орындалып отыр. Абай, Аягөз, Көкпекті, Зырян аудандары мен Семей қаласы әкімдіктері жұмыс орындарын ашу туралы міндеттемелерін орындай алған жоқ. Көкпекті, Глубокое, Жарма, Катонқарағай аудандары тірек ауылдарындағы нақты секторды дамытуға орай берген алғашқы жоспарларын бекіте алмаған.

Осы мәселеге қатысты облыс әкімі Б.Сапарбаев төмендігідей сын айтты:

-Басқарма жобалық-сметалық құжаттарды жасау кезінде құрылыс материалдарына кететін шығынды азайтудың шараларын қарастырмайды. Басқарма тіпті, бәсекелестікті қорғау департаменті арқылы кеше 10 теңге тұрған кірпіштің бүгін неге 20 теңге болғанын анықтап, біліп, нарықтағы бағаның шынайылығын бақылауға қауқарсыз болып отыр. Өндірушілер сұраныс болса болды деп қымбаттатудан танбауда.

Қай нысанға болмасын бөлініп жатқан қаржының басым бөлігін республика, облыс бюджеті құрайды, бәрі де мемлекеттік бағдарламалар. Аудан әкімдері тірек ауылдарын да тек көркейтумен ғана шектеліп қалып жатыр. Жаңа айтылып жатқандай, тірек ауылдары бойынша жоспарланған жобалардың орындалғандарынан, орындалмағандары көп. Аудан әкімдері мынандай қаржы тартам деп, құр ұрандатуды әдетке айналдырды. Ақыр аяғында орындай алмай отыр.

Инвестиция тартудың жолдарын білмейтін, қарастырмайтын, қол қусырып отырған әкімдер көп. Әкімдер аудан бюджетін жасауда министрліктермен байланыспайды да. Тіпті Экономика, Қаржы министрліктерінің есігін ашып көрмегендері бар. Олар үшін жұмысты облыс басқармалары, басқа біреулер атқаруда.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив