KZ
Өскемен
+18°
небольшой дождь жел 2 м/с, СШ
476.27 515.47 5.41

Республикадағы ең үздік сүт өнімдерін шығаратын қожалық Ұланда

24.12.2012, 18:00 224


Ұлан ауданы, Пролетарка ауылындағы Наталья Воропай басқаратын «Пролетарка» қожалығының сүт зауытында күніне 10 тонна сүт қабылданып, қайта өңдеуден өткізіледі. Бүгінде бұл зауыттың «Багратион» тауар белгісіндегі сүт өнімдері республикалық, өңірлік, облыстық байқауларда ең үздік деп танылған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жыл басынан бері зауыт ұжымы 160 миллион теңгенің өнімін шығарған. Жазда тәулігіне 30 тоннаға дейін сүт өнімдерін қабылдайды. Қазір осы шаруа қожалығында жүзге тарта адам еңбек етіп жатыр.

Қазіргі заман талабына сай технологиямен жабдықталған зауытта айран, кілегей, май, сүзбе, ірімшік, қаймақ, барлығы 19 түрлі өнім өндіріледі.

Бүгіндері төрт шаруа қожалығы бірігіп, Өскемендегі жібек маталар комбинаты шағын ауданында сауда орталығының құрылысын қолға алды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив