KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Мүгедектер арбаларын жөндеуден өткізу БҰҰ-ның қолдауының арқасында мүмкін болып отыр

13.12.2012, 18:00 80


Семей қаласында мүгедектер арбаларын жөндеуден өткізу БҰҰ-ның қолдауының арқасында мүмкін болып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Біздің қалада мыңдаған мүгедектер арбасы бар. Мемлекет оларды тегін бергенімен, сынып қалса, жөндеуден өткізуде ешқандай көмек болмайтын. Енді, міне, БҰҰ-ның жобасының арқасында мүгедек жандар істен шыққан арбаларын тегін жөндете алады», дейді Семей қаласының мүгедектер қоғамының төрағасы Ерлан Қабдулдинов.

Төрағаның айтысына қарағанда, арбаларды жөндейтін цехтың ашылғанына бір жылдан асқанымен, қосалқы бөлшектер мен арнайы жабдықтардың жоқтығынан оның ешкімге пайдасы бола қоймаған. БҰҰ-ның «Мүгедек арбаларын жөндеу, қызмет көрсету және сервис» жобасы демеушілік көрсеткелі мүмкіндігі шектеулі жандар арбаларын уақтылы тексеруден өткізіп отырған көрінеді.

Жөндеу цехында екі шебер жұмыс істейді. Телефон арқылы тапсырыс түскенде сол мекенжайға барып, техниканы тексеріп, қажет болса, жөндеуге алып кетеді. Жөндеу жұмыстары екі күннен бір аптаға дейін созылуы мүмкін. Осы аралықта мүгедек жандар қолайсыздықты сезінбес үшін оларға уақытша пайдалануға арба беріледі. Бұл мақсатқа екі арба сатып алынған.

Семей шаһарында мүмкіндігі шектеулі жандарды тегін таситын такси қызметі бар. Сондай-ақ шаштараз бен киім тігушілерді де тұрмыстық қызмет көрсету үйі арқылы үйге шақыруға болады екен.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив