KZ
Өскемен
-3°
ясно жел 2 м/с, В
482.86 533.17 5.08

Семейде хоккей корты ашылды

4.12.2012, 18:00 121


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың басым бөлігі дене шынықтырумен айналысуы қажеттігін айтқан болатын. Осыған орай мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында қаламызда спорттық нысандар ашылуда.

Тұрғындардың дене шынықтырумен айналысуларына толықтай жағдай бар. Жақында қаладағы №16 орта мектепте хоккей корты ашылды. Хоккей кортын ересектер де, оқушылар да асыға тосты. Ашылу салтанатына қалалық білім, дене шынықтыружәне спорт бөлімінің бастығы Гүлжан Алтынбекова қатысып, спортшыларға игі тілегін жолдады.

Өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына бағыттау үшін ашылған спорттық нысан оқушылардың өз денсаулықтарын шынықтыруға мүмкіндік береді. Осындай шаралар әсіресе, алты ай қысы бар Семей өңірі үшін аса маңызды. Денсаулықтың мықты болуы үшін спорттың қажет екендігі рас. Ашылған кортта Озерки орта мектебі мен №16 орта мектеп оқушылары хоккейден жолдастық кездесу өткізіп, қақпаға алғашқы шайбаны да салып үлгерді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив