KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 2 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Жасотандық делегаттар Астанаға аттанады

30.10.2012, 18:00 127


«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының конференциясы өтті. Жиынға партияның өңіріміздегі филиалы төрағасының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ел үшін еселі үлес қосуға құлшы-нып жүрген белсенді жастардың бұл басқосуында екі мәселе қаралды. Оның бірі жастар ұйымының 2020 жылға дейінгі атқаратын жұмыстары туралы жоба-жоспарларын пысықтау болса, екіншісі ағымдағы жылдың 16 қарашасында Елбасының қатысуымен Астанада өтеді деп жоспарланып отырған «Жас Отан» жас-тар қанатының ІІ съезіне облыстан қатысатын өкілдерді анықтау болды.

Айта кетейік, бұл кеңес бұған дейін аудандар мен қалалардағы бөлімшелерде өтіп, аталған мәсе-лелер талқыланып келгендіктен, жасотандықтар облыстық кеңесте бағдарламаны бірауыздан құптайтын-дықтарын білдірді. Ал Астанаға баратын делегаттар туралы «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы қоғамдық-саяси бөлімінің кеңесшісі Сымбат Рамазанов айтып берді.

– Бұл құрамға ең бірінші «Жас Отан» жастар қанатының облыстағы 19 аумақтық атқарушы хатшылары міндетті түрде енеді. Екіншіден, бастауыш ұйымдардың көшбасшылары мен жоғары оқу орындарының, сондай-ақ, аудандардағы белсенді жастар болады. Біз негізінен ауылды жерлердегі жастарға баса назар аударып отырмыз, – дейді ол.

Конференция барысында жоғары-дағы талаптарды қарай отырып, «Жас Отан» жастар қанатының бірнеше мүшесінің Астана қаласына аттанатыны белгілі болды. Аталған есімдерді аудандар мен қалалардан жиналған жасотандықтар бірауыздан қолдады.

Күршім ауданы бойынша аталмыш ұйымның атқарушы хатшысы Арайлым Қасымбаева бұл басқосу, әсіресе, аудандағы жастардың жүйелі жұмыс істеуіне айқын бағыт-бағдар беретінін айтады.

Жиын барысында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың студенті Арайлым Қайратова, Өскемен политехникалық колледжінің студенті Руслан Жабашқанов, ІТ колледжінің студенті Мирас Әлібеков сынды белсенді жастар баяндама жасады.

Кеңесті қорытындылаған Түсіпхан Түсіпбеков жастарды ұлттың патриоты болуға шақырды. Бір айта кетерлігі, біз аудиториядағы жастардың дені қазақ жастары болғанына қарамастан, конференцияда ресми тілге басымдылық берілгенін байқадық. Осы турасында сөз қозғай кеткен филиал төрағасының бірінші орынбасары да жастардың қай-қашанда патриот болуы, солайша басқа өрендерге үлгі болуы керектігін қозғай келіп, соның бір мысалындай, «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының атқарушы хатшысы Станислав Каримовты өз басынан бастап, мемлекеттік тілді үйренуге үндеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив