KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 1,5 м/с, ОШ
443.03 480.38 4.91

Француздар әріптестікті парыз санайды

12.10.2012, 18:00 201


Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ жұмыс сапарымен аймаққа келген еліміздегі Франция Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Жан-Шарль Бертонэні қабылдады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Франция мемлекетімен біздің ел тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап-ақ достық қарым-қатынас орнатқаны белгілі. Осыу ын-тымақтастыққа негізделген әріптестік бүгінгі күні де тамырын терең жайып, даму үстінде. Францияның Қазақстан үшін саяси, экономикалық, рухани-мәдени жағынан да стратегиялық серіктес екенін облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ ерекше атап айтты. Жыл сайын бұл елмен арадағы алыс-беріс ұлғайып, тауар айналымы да артып келе жатқан көрінеді. Франция еліміздің аймақтарымен де тығыз байланыс орнатқан. Тек үстіміздегі жылдың өзінде ғана Шығыс Қазақстан облысы мен Франция арасындағы тауар айналымы 4,9 млн. долларды құрады. Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ қазіргі күні аймақта бес қазақ француз бірлескен кәсіпорнының жемісті жұмыс істеп жатқанын атап көрсетті. 2011 жылы француздық әріптестердің қатысуымен Өскемендегі титан¬-магний комбинатында құны 70 млрд. еуро тұратын арнайы жобаның іске асырылуы да үлкен жетістік екенін айтқан облыс басшысы елші мырзаға отандық өндірістің алпауыты болып саналатын кәсіпорын туралы кеңінен әңгімелеп берді.

Кездесуде облыс басшысы елшіге француздық кәсіпкерлермен бұдан да басқа салаларда әріптестік орнатудың мүмкіндіктері жайында айтты.

– Шығыс Қазақстанның табиғаты бай. Мұнда туризмді дамытуға зор мүмкіндік бар, – деп сөзін жалғастырған облыс басшысы еліміздегі француз елшісін, әсіресе, мұнда қыс маусымында келуге шақырды.

– Біз француз бизнесмендерінің Грузияда көптеген тау шаңғысы базаларын салғанын жақсы білеміз. Осындай базаларды біздің аймаққа да салуға әбден болады. Ол үшін барлық жағдай бар. Шаңғымен сырғанайтын жерлер қаладан соншалықты қашық та емес. Егер француз бизнесмендері тау шаңғысы базаларын салуға ниет білді-ріп жатса, біз инфрақұрылым жағын жөнге келтіру жағын өз мойнымызға толық аламыз, – деді облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы, білім мен ғылым саласында да бірлескен жобаларды қолға алуға болады. Әсіресе, қайта өңдеу саласының халыққа берері мол.

Өз кезегінде еліміздегі Франция Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Жан-Шарль Бертонэ жылы жүзді қабылдауы үшін облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВҚА алғысын білдірді. Осы сапарында қаладағы ТМК, «Азия-Авто» сынды бірқатар өндіріс ошақтарын аралағанын, алдағы уақытта экономикалық байланыстың бұдан әрі терең нығая беретініне сенім білдірген елші мырза француз бизнесмендері үшін тең дәрежедегі әріптестіктің өте қымбат екенін де атап айтты.

– Мен екіжақты әріптестік арқылы үлкен мұраттарға жетуге болатынына сенемін, – деді ол.
Кездесу соңында облыс Әкімі елші-ге естелік сыйлық табыс етті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив