KZ
Өскемен
+25°
небольшая облачность жел 2 м/с, З
443.44 480.51 4.88

Науалыда қос мереке өтті

11.10.2012, 18:00 98


Үржар ауданының Науалы ауылында «Туған жерге – тағзым» акциясы шеңберінде «Науалы күндері» мерекесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, осы мейрамның жалғасы ретінде қарттар күні де аталып өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мерекенің сәтті өтуіне ауыл әкімі Өмірбек Шоқпарбаев тікелей басшылық етті. Әрі комиссия мүшелерінің де қосқан үлесі айтарлықтай болды.
Мереке кезінде волейбол, шағын футбол, күрес, теннис, шахматтан тартысты ойындар болды. Бұған көрші Көлденең, Үржар елді мекендерінен командалар қатысты.

Іс-шараның ашылу салтанатында Ал-матыдан келген кәсіпкер Бейсен Абланбаев осы «Туған жерге – тағзым» акциясына қатысып отырған қалталы жерлестеріне ризашылығын білдірді. Күлшікен Турлина мен әйелдер кеңесінің төрайымы, ардагер ұстаз Зоя Әлімбаева шашу шашып, тілектерін айтты.

Жарыстарға барлығы жүзден аса спортшы қатысты, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, ауыл күндерін өткізуге қаржылай демеушілік жасаған азаматтарға ауыл әкімінің алғыс хаттары берілді.

Қарттар күнін өткізуге елді мекендегі екі жүзге тарта қария жиналды. Мәдени шараны ауыл әкімдігі, мәдениет үйінің қызметшілері, мектеп мұғалімдері кереметтей ғып өткізді. Осындай игі шараларға үнемі мұрындық болып жүретін азаматтар Ахметбек Нүрсиленовке, Бейсен Абланбаевқа және басқа азаматтарға жиналған қарттар алғыстарын білдірді.

Соңғы жылдары Науалыда мектеп, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, су құбыры жөнделіп, балабақша ашылғанын атап өткен жөн.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив