KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

RADIO ALTAY жаңалықтары - 27 қыркүйек 2012 жыл

26.09.2012, 18:00 105


Кешкі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны ағымдағы тоғыз айдың алдын ала шығарылған қорытындысына сәйкес 9 пайыздық өсімді құрап отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылы 7 пайыз шамасында болған. Нәтижесінде тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жақсарып, жұмыссыздар саны төмендеген.

Шығыс Қазақстан облысының Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ Өскемен қаласының іргесіндегі негізінен оралман ағайындар қоныс тепкен Шығыс ауылында тұрғындармен кездесу өткізді.
Үш жыл бұрын ғана іргесі қаланған бұл ауылда атқарылған жұмыстар баршылық. Осы кезең ішінде мемлекеттік «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында 300-дей үй бой көтерді. «Жұмыспен қамту–2020» бағдарламасына сәйкес Шығыста тағы 150 баспана салынуда, оның 114-і бітуге жақын, қалғандарының құрылысы келесі жылдың алғашқы тоқсанында аяқталады. Екі жылдан соң бұл төңіректе ең кемі бір мың үй болмақ.

Біздің облыста Дүниежүзілік туризм күні кеңінен аталып өтті. Өскемендегі «Ulba» орталық Мәдениет үйінде Бүкіләлемдік туризм мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Сол күнгі мерекеге орай Өскеменде облыстың алғашқы туристік ақпарат орталығы ашылды. Сондай-ақ түске таман С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің бесінші корпусында біздің облыста туризмді дамытудағы шебер жоспарының алғашқы кезеңдік нұсқасын талқылауға арналған семинар-мәжіліс болды.

Күршім ауданында барлығы 30 клуб жұмыс істейді. Ақсуат және Шеңгелді ауылдық клубтарын ағымдағы өнндеуден өткізу үшін жергілікті бюджеттен 7 миллион теңге бөлінген. Қазіргі кезде жөндеу жұмыстары аяқталып, ауылдық клубтар барлық талапқа сай тұрғындар игілігі үшін жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар Сарыөлең ауылдық мәдени ошағына қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ашылуы биыл қазан айына жоспарланған.


Таңертеңгі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік универ-ситетіндегі «Абай арманы» клубы заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің 115 жылдық мерейтойына орай кезекті отырысын өткізді. Жиында Астанадан арнайы шақырылған қонақ, белгілі алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай «Біртұтас Алаш идеясы және М.Әуезов» деген тақырыпта баяндама жасады.

Өскемен және Семей епархиясының шіркеулері елімізде ең бірінші болып «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңға сәйкес қайта тіркеуден өтті. Бұл жөнінде облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ пен Қазақстан православие шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың арасында болған кездесуде айтылды.

Облысымыздың 80 жылдық мерейтойы аясында «Парасатты жастар лигасы» қоғамдық бірлестігі Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен бірлесе отырып «Өзің үшін» атты экологиялық акция өткізді.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив