KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Семей жеделсатыларының жағдайы мәз емес

25.07.2012, 18:00 106


Семейдегі көпқабатты үйлердегі 616 жеделсатының төрттен бір бөлігі істен шыққан және ауыстыруды қажет ететіндіктері де жетіп артылады. «Стейбл» өндірістік кәсіпорнының бастығы Т.Хайдарованың айтуынша, тұрғындардың ұқыпсыздығы, ақысын уақытында төлемеуі, жоғары көтерілгенде, не төмен түскенде шамадан тыс салмақ түсіруі сияқты көріністер мәселені одан сайын ушықтырып отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Бұндай проблемаларды болдырмау үшін бейнебақылау жұмысын күшейту керек екен. Мәселен, бір ғана жеделсатыны іске қосу үшін шамамен 5 млн. теңгеге жуық қаржы керек.

– Себебі, мемлекет тарапынан әзірше оларды жөндеуге қаражат бөлінген жоқ, сондықтан да тұрғындар өз есебінен жөндеуді қолға алғандары жөн, – дейді қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімінің маманы Светлана Заурбекова. Бұл тұрғыда тәжірибелер де жоқ емес, мәселен тұрғындар өз қаражатымен 103 жеделсатыны жөндеткен, олар жақсы жұмыс істеп тұр. Және біраз бөлігі кәсіпкер азаматтардың да есебінен жөнделген. «Осындай түйінді түйткілдерді шешудің бір жолы терможаңғырту мемлекеттік бағдарламасына жеделсатыларға жөндеу жүргізуді енгізу болып табылады» дейді С.Заурбекова. Бірақ бұл пікірге қарсы болып отырғандар да бар.

– Жеделсатыларды терможаңғырту бағдарламасына енгізу мәселесіне салмақты түрде қарайық, – дейді қаладағы «ЖРЭП-111» жекеменшік пәтер иелері кооперативтерінің төрайымы Марина Беловолова. – Өткен жылы смета жасап едік, жеделсатыны қосқан кезде бір жарым миллион теңге шықты. Ал 1-3 қабатта тұратындарға оның керегі жоқ. Олар оның ақысын төлеуден бас тартады. Сөйтіп, жеделсатыны жөндеген күннің өзінде қалған жоғары қабатта тұратындарға бөлінген қаржы әрқайсысына айына 30 мың теңгеден келеді екен. Ал зейнеткерлер жеті жыл бойы мұндай ақшаны бере алмайды ғой.

Жеделсаты проблемасын терможаң-ғырту бағдарламасына енгізіп, мәселені шешеміз дегенмен жөнделуге жатқызы-латын үйлер негізінен екі, үш, бес қабатты екен. Бұларда жеделсаты қызметі жоқ. Ал қалада олар негізінен тоғыз қабатты үйлерден басталады.

– Шыны керек, жөнделді, жұмыс істеп тұр деген жеделсатылардың өзі бүгінде тозып кеткен, – дейді «Стейбл» өндірістік кәсіпорнының техникалық директоры Валерий Хайдаров. – Себебі, олар 25 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеп келеді, ескі жеделсатыларды алып тастау керек деп жатыр. Онда халық 15-16-ыншы қабаттарға қалай көтеріледі. Ескі жеделсатыларды алып тастау мәселесін Өскемендегі арнайы мекеме шешуі тиіс. Менің ойымша, жеделсатыларды халық игілігіне сай қамтып, жөндеуден өткізу керек.

– Нарық заманында ештеңенің де тегін болмайтындығын халық түсінетін уақыт жетті,– дейді қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімінің бастығы Александар Ершов. – 2000 - 2006 жылдары 90 жеделсаты жөнделгенмен, іс осымен тоқтап қалды. Тұрғындар жеделсаты істен шықты, қарамайсыңдар деп ренжиді. Бірақ оны жөндегеннен кейін де тұрақты түрде күтімге алып, барлық құралдарын майлап, сайлап тұру керек. Ал ол үшін бізде бір тиын артық қаражат жоқ. Демеушілер көмектесіп жатса, қарсы емеспіз. Бір үмітіміз кәсіпкерлерде болып тұр.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив