KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 2 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Моноқалалардағы кәсіпкерлікті қалай дамытамыз?

23.06.2012, 18:00 109


«Нұр Отан» ХДП бастамасымен «Моноқалалардағы шағын және орта бизнесті дамыту» бағдарламасы әзірленгені белгілі. Таяуда партияның облыстық филиалының бастамасымен Риддер қаласында «Нұр Отан» ХДП-ның «Моноқалалардағы шағын және орта бизнесті дамыту» бағдарламасының жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараға «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков, өңіріміздегі Риддер, Курчатов, Зырян, Серебрянка секілді моноқалалардың әкімдері, қалалық және облыстық мәслихаттардың депутаттары қатысты. Жалпы, еліміз бойынша 27 моноқала анықталғаны белгілі. Біздің аймақтан олардың қатарына 4 қала еніп отыр. Дөңгелек үстелде өңіріміздегі моноқалалардың әкімдері де сөз алды. Конструктивті диалог барысында моноқалалардың басшылары өзара пікір алмасып, бастамаларымен бөлісті. Облыстық мәслихат депутаты М.Шахтаев «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС тарапынан шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдау бағытында белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын ерекше атап өтті. Бүгінгі күні кәсіпорындағы қазақстандық мамандардың үлесі 100 па-йыз, қазақстандық мазмұн 86 пайызды құрап отыр. «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС мен облыс әкімдігі арасында 1 млрд. 200 млн. теңгенің меморандумына қол қойылыпты. Алдағы уақытта моноқалалардың әкімдері өздерінің ұсыныстары мен бастамаларын тікелей партияның облыстық филиалына жолдай алады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив