KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями Штиль
480.11 532.25 5.14

Риддерліктер әлемдік рекорд жасады

30.05.2012, 18:00 110


Риддер қаласының тұрғындары «Ока» шағын көлігіндегі жолаушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Көлік шоуын ұйымдастырған Валерий Крушинскийдің айтуынша, бұған дейін осындай рекорд Ресейде орнатылыпты. Онда «Ока»-ның ішіне небәрі 15 адам сыйған.

Бұл жолы дәстүрлі жылдамдық сайыстарынан басқа, көрермендер үшін де ойындар өткізілді. «Отбасы машинасы» байқауы ең қызықты болды. Шарты да қарапайым. Командалардың қайсысы шағын көлікке көп адамды сыйдыртады, сол жеңімпаз. Нәтижесінде «Ока» көлігіне 21 адамды сыйғызған «КамАЗдар» командасы жеңіске жетіп, жаңа рекорд орнатты.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив