KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 1,4 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Аулаға қоқыс лақтырғандар айыппұл төлейді

13.05.2012, 18:00 116


Өскеменде аулаға лақтырылған күл-қоқысты тексерумен айналысатын жедел топ құрылды.

Олар қоқыс жәшіктеріне тасталмай, үйлердің маңына қалдырып кеткен әрбір дорбаны қопарып, қай пәтерден шыққанын анықтайтын болады. Осылайша лас тұрғындар жауапқа тартылмақ, дейді КТК арнасы.

Аулада шашылған дорбаларды ақтарып жатқандар тамақ іздеп жүрген қаңғыбастар емес, жергілікті әкімдік өкілдері. «Қоқыстың қай пәтерден шыққанын тек осындай жолмен анықтауға болады»,- дейді олар. Иесі белгілі болған соң ол учаскелік бөлімшеге шақырылып, айыппұл төлеу жүктеледі. Қазір бұл іске қаладағы бүкіл аула сыпырушылар да жаппай жұмылдырылған.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив