KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 3 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Арендалық үйді қанша уақытта жекешелендіруге болады?

6.05.2012, 18:00 183


– Көкпекті ауданындағы 2006 жылы қазан айында берілген 36 пәтерлі Южная көшесіндегі 5-үй қызметтік пе, арендалық па? Мұнда тұрып жатқан тұрғындар қыс айларында бір бөлмелі пәтерге – 15 – 17 мыңнан, екі бөлмелі пәтерге 20 – 25 мың теңгеден пәтерақы төлейді. Бұл жалғызбасты жас маманның жалақысының 50 – 80 пайызы пәтерақыға жұмсалады деген сөз. Осы үйдегі пәтерлерді жекеменшікке қанша жылдан кейін ауыстыруға болады?

Южная көшесі, 5-үйдің тұрғындары

Сауалға Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары К.Смаилова жауап береді:

– Южная көшесі, 5-үйдің 36 пәтерлі тұрғын үй мемлекеттік тұрғын үй қорының баспанасы болып саналады. Үй тұрғындары коммуналдық төлемдерді кәсіп-орын басшысы бекіткен тарифке сәйкес төлейді.

Бір бөлмелі пәтердің орташа пәтерақысы қыс кезінде – 1800 теңге, жаз мезгілінде – 900 теңге. Екі бөлмелі пәтер құны қыс кезінде – 3000, жаз кезінде – 1500 теңгені құрайды. Бір бөлмелі пәтердің орташа жылу беру ақысы қыс кезінде – 7970 теңге, екі бөлмелі пәтердің ақысы – 13250 теңге. Суға төлемақы су есептеуіш құралдары көрсеткіші бойынша есептеледі. Ал қоқысқа кә-сіпорын басшысы бекіткен тариф бойынша бір адамға – 80 теңге, электр қуаты әр пәтердің есептеуіш құралдары арқылы есептеледі.
ҚР-ның 1997 жылғы 16-сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 109-бабының 2-тармағына сәйкес мемле-кеттік мекемелердің қызмет-керлері, егер олар мемлекеттік кәсіпорындарда (сайланбалы қызметте болу мерзімін қоса алғанда) кемінде он жыл жұмыс істесе, сондай-ақ, егер еңбек қатынастары мынандай негіздер бойынша:

1) ұйымның таратылуы, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуы бойынша;
2) одан әрі жұмыс істеуге кедергі келтіретін сырқатына байланысты,
3) зейнеткерлікке шығуына байланысты тоқтатылса, жұмыс істеген мерзіміне қарамастан, өздері тұратын қызметтік тұрғын үйлерді қалдық құны бойынша жекешелендіре алады.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив