KZ
Өскемен
-1°
небольшая облачность Штиль
481.84 531.33 5.07

Сыпырғының орнына скрипка ұстады

23.04.2012, 18:00 288


Сенбілікке қатысушылар сыпырғының орнына скрипка ұстағандықтан, шаңдатып көше сыпырып, қоқыс жинамайды, оның есесіне мейрамханаларда халыққа 1 сағат тегін концерт қойып береді.

Өткен сенбідегі мәдени сенбілікке қатысқан Шығыс Қазақстан облыс-тық филармониясының өнерпаздары Shiny River қонақүйінің фойесін клас-сикалық әуендердің ырғағына бөле-ді. Естеріңізге сала кетейік, облыстық мәдениет басқармасы тұрғындар ара-сында мәдениет деңгейін көтеру, мә-дени мұраны насихаттау, кітапхана, мұражайлар, театр мен филармония қорларындағы жаңа ресурстар мен әлеуетін дәріптеу мақсатында сәуірдің 14-інен бастап облысымызда «Мәдени сенбілік» атты акцияны қолға алған болатын.
Он саусақтарынан өнер тамған, аспаптарынан құйқылжыта күй төккен өнерпаздар тұрғындарға сенбілікте тек аула сыпырып, ағаш отырғызып қана қоймай, көшелермен қатар көңілдерді де тазалауға болатынын түсіндіргендей.
– Келесі сенбіде облыс орталығын-дағы жұрт көп жиналатын мейрамха-налардың бірінде осынау игі шараны жалғастыра бермекпіз, – дейді облыстық филармония директоры Кенжеғали Мыржықбай.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив