KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
442.85 480.32 4.94

«Семей-Өскемен» күре жолындағы жол апатынан 2 адам қаза тапты

22.04.2012, 18:00 139


«Семей-Өскемен» күре жолында екі көлік соқтығысып, екі адам мерт болды, 6 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

21 сәуір күні Шығыс Қазақстан обысы аумағында «Семей- Өскемен» күре жолының 39 шақырымында «Хонда» және «Тойота» көліктері соқтығысқан. Жол апатының салдарынан оқиға орнында 58 жастағы «Хонда» көлігінің жолаушысы және 71 жастағы зейнеткер - «Тойота көлігінің жолаушысы қаза тапты.

Екі машинада келе жатқан алты адам ауруханаға жатқызылды.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив