KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 1,3 м/с, В
480.11 532.25 5.14

Омбудсмен өкiлдері Семей және Петропавл қалаларында балалар құқықтарының сақталуымен танысты

22.04.2012, 18:00 216


ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің тапсырмасы бойынша, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарында болды.

Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметінен хабарланды.

Онда омбудсменнің өкiлдері жергілікті денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау мемлекеттік мекемелерінің жағдайымен танысты.

Орталық қызметкерлері Семей қаласында орналасқан жетім балаларға арналған № 5 көмекші мектеп-интернатында, №8 және №3 балалар үйінде, нашар еститін балаларға арналған № 4 мектеп-интернатында, Саңырау балаларға арналған мектеп-интернатында, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болды. Делегаттар аталмыш интернаттардағы балалардың құқықтарын сақтау және қорғау бағытындағы жергілікті билік пен мекеме қызметкерлерінің жұмысын оң бағалады.

«ШҚО-да балаларды әлеуметтік-патронаждық қолдау жүйесі сәтті іске асуда. Соның арқасында жергілікті іскерлік топ өкілдері, бюджеттік ұйымдар мен балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында өзара тығыз қарым-қатынас орнаған. Мұндай бірегей тәжірибені елдің басқа да аймақтарында қолдануға болады», - делінген хабарламада.

СҚО-да болған сапарда орталық өкілдері балалар үйіне, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатына, кәмелеттік жасқа толмаған балаларды бейімдеу орталығына, жасөспірімдер үйіне, тірек-қимыл аппараты зақымданған мүгедек балаларға арналған Петропавл интернат-үйіне, Петропавл балалар психоневрологялық үй-интернатына, тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған Петропавл қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығына бас сұқты.

Мекемелерді аралау барысында сарапшылар адам құқықтарының iске асырылуына талдау жасады. Әсіресе балалардың білім алуға, денсаулық сақтау, ақпаратты еркін алу құқықтарының орындалуына үлкен көңіл аударылды.

Сапар қортындысында балалар мекемелерінің басшылығына ұжымның кәсіби біліктілігі мен деңгейін арттыру, балалар құқықтарын сақтауда халықаралық және ұлттық стандарттарды қатаң ұстану бойынша ұсыныстар жасады.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив