KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Халықаралық көрме өтіп жатыр

18.04.2012, 18:00 192


18 сәуірден 20 сәуірге дейін оңтүстік астанада «Білім және мансап – 2012» ХІІІ Қазақстандық халықаралық көрме өтуде. Оған Қазақстанның, Кипрдің, Қытайдың, Латвияның, Литваның, Малайзияның, Польшаның, Ресей Федерациясының, Корея Республикасының, Түркияның, Швейцарияның, басқа да елдердің 120-дан астам білім мекемесі қатысуда.

Ұйымдастырушы – «Атакент-Экспо» халықаралық көрме компаниясы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.
«Білім және мансап» көрмесі 13 жыл бойы Қазақстанның, алыс және жақын шет елдердің білім мекемелеріне заманауи оқу технологияларын, жаңа оқу бағдарламаларын, оқу құралдарын ұсыну мүмкіндігін беріп келеді.

Осы жылы 2011 жылғы көрмемен салыстырғанда Ұйымдастырушылар көрме қатысушылары санының 30% артқандығын атап өтуде. Алғаш рет елдің 18 жоғарғы оқу орны ұсынатын ұлттық стендпен қатар көрме жұмысына Литваның білім алмасуды қолдау қоры қатысып отыр. Үстіміздегі жылы Корея Республикасынан Кореяда білім алғысы келетіндер үшін білім бағдарламалары мен гранттар ұсынатын 23 жоғарғы оқу орны қатысуда.

Көрме шеңберінде отандық және шетелдік жоғарғы оқу орындары әзірлеген инновациялық жобалар, сондай-ақ жетекші өндіруші компаниялардың алдыңғы қатарлы оқу жабдықтары ұсынылды. Алғаш рет көрмеге кез келген білім мекемесінде орталықтан ақпарат басқарудың аяқталған бағдарламалық-аппараттық шешімін ұсынатын «CAMRAD» компаниясы қатысуда. Сондай-ақ көрме қазақстандық жастарды ірі халықаралық білім бағдарламаларымен таныстырып, көрмеге қатысатын елдердің арасында ғылыми тәжірибе алмасуға көмектеседі.


Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив