KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 1 м/с, С
447.25 485.18 4.96

Тоғыз боксшымыз Лондонға баратын болды

13.04.2012, 18:00 55


Астанада өткен бокстан Азия аймағының лицензиялық турнирі аяқталып, оның қорытындысы бойынша жерлестеріміз үш алтынды жеңіп алды.

Сонымен қатар, Лондон Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынған аталмыш доданың қорытындысы бойынша біздің боксшыларымыз үш лицензияны қанжығаға байлады. Сонымен Қазақстанның Лондон Олимпиадасына бокстан қол жеткізген жолдама саны 9-ға жетті.

Еске салсақ, Астанадағы Лондон Олимиадасының жолдамасы сарапқа салынған турнирдің соңғы күнінде жерлесіміз 49 келі салмақта өнер көрсеткен Біржан Жақыпов ақтық айқаста жапониялық Наойи Иноуиден басым түсіп, осы салмаққа тігілген лицензияға қол жеткізген болатын. Біржан үш раундтың қорытындысы бойынша қарсыласын 16:11 есебімен ұтты.

Ал 52 келі салмақтағы саңлағымыз Ілияс Сүлейменов Монғолияның Тугстсогт Ньямбайарын жеңді. Еске сала кетейік, Ілияс осы салмақ бойынша финалға дейін-ақ өзін олимпиадалық лицензиямен қамтамасыз етіп қойған. Бұдан бөлек, Азия турниріндегі үшінші алтынды Данияр Елеусінов иеленді. 64 келіде оның қарсыласы түркіменстандық Сердар Худайбердиев ақтық айқасқа шықпай қалған болатын. Сөйтіп, Лондон Олимпиадасында Қазақстанның бокс құрамасы 10 салмақ дәрежесінің 9-ынан бақ сынайтын болады.

http://inform.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив