KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность Штиль
480.11 532.25 5.14

«Ашық есік күні» акциясы

9.04.2012, 18:00 97


Семейдегі Невзоровтар отбасы атындағы өнер мұражайында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді. Осы шара шеңберінде бірнеше қайырымдылық іс-шара өтті. Біріншіден, ол жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген қалалық мектеп оқушыларына жүргізілген ақысыз экскурсиялар. Мұражай 16-19 ғ. Батыс Еуропа, 18-20 ғ. ұлы орыс сурет кескіндемешілерінің, сонымен қатар, Қазақстанның қазіргі заман шеберлері жұмыстарын көруге мүмкіншіліктері болды. Одан басқа, оқушылар 19-20 ғ. фарфор жинағы мен қазақтың көне заттарын көре алды.

Тағы бір қайырымдылық акция- №5 мектеп интернаты мен №8 балалар үйі тәрбиеленушілеріне ақысыз өтетін шығармашылық тренингтер болды. Осы тренингтер барысында оқушылар өнер жайында мәліметтер алып қана қоймай, тұзды су бояу және кракле техникасымен танысты.

Осы ашық есік күн шеңберінде аса маңызды шаралардың бірі – „Ашық қорлар„ акциясы. Бұл бірегей жағдай мұражай қабырғасында алғашқы рет өтуде. Бәрімізге белгілі кез келген мұражайдың бірінші мақсаты – елдің мәдени мұрасын сақтау.

Сондықтан да, қор және қорды сақтау — бұл „құндылыққа деген қасиеттілік„. Негізінде, қорға кіруге тыйым салынған. Дәл осы күндері педагогика институтының көркем графика факультетінің және Шәкәрім атындағы колледжінің дизайн факультеті студенттеріне, осы ғажап қор өз есігін ашуға мүмкіншілік берді. Болашақ суретшілер мен дизайнерлер қор мен реставрациялық шеберхананы тамашалады. Олар өнер щығармаларын қалай сақтау және керек жағдайда бұл жұмыстарға қалай көмек көрсетілетінін көре алды.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив