KZ
Өскемен
+4°
небольшая облачность жел 1,3 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Тегін дәріге қашан қол жеткізер екен ?

1.04.2012, 18:00 154



Семейдің бір ерекшелігі, мұнда дәмханадан дәріхана көп. Әсіресе, орталық көшелерде қаз-қатар тізілген үлкенді-кішілі дәріханалар аяқ аттаған сайын кездеседі. Оларда дүкендермен бірдей деңгейде қарқынды жұмыс жүріп жатады. Өкінішке қарай, ондағы дәрілер удай қымбат.

Соған қарамастан тауар өтімді. Дегенмен «Дәріханаларға тегін берілетін дәрілер түсті» дегенді естігенде сырқат жандардың қуанышында шек болмады. Соңғы кезде қаладағы 50 дәріхана тегін дәрілерді босата бастады. Бұрындары 179 дәрі-дәрмек тегін беріледі делінсе, биыл бұл тізім 276-ға жеткен. Тегін дәріге мүгедек жандар мен амбулаторлық ем қабылдайтын ауыр сырқатты жандар қол жеткізе алады екен. Жалпы, жеңілдікпен берілетін дәрілер қатары 40 пайызға ұлғайтылыпты.

Семейде жүректің ишемиялық ауруы және артериялдық гипертония сырқатымен 18 мың адам ауыратыны анықталып отыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы М.Мұқановтың айтуынша, осы науқастарға қажетті жүрек дәрілерін тегін жеткізу үшін Өскеменнің №101 дәріханасы тендер ұтып алған. Бірақ осы уақытқа дейін қажет дәрілер толық жеткізілмепті. Мәселен, семейлік Айдын Қайырбекұлының науқас әкесіне тегін дәрі іздеп бармаған жері қалмапты. Әкесін емдеуші дәрігер тегін дәрілердің рецептісін ұсынған екен.

– Инфаркт алған науқастар тегін дәрілермен қамтамасыз етіледі дегенді естіп, барлық дәріханаларға барып шықтым, - дейді А.Қайырбекұлы – наурыздың басынан бері іздеп, әбден тауым шағылды. Жәй дәріханаларда толып тұр, бірақ бағасы қымбат екен. Амал жоқ, соларды сатып алып жатырмын. Мен сияқты дәріхананың есігін тоздырып жүргендер өте көп екен, соны байқадым.

Денсаулық сақтау министрлігінің біздің облыс бойынша медициналық және фармацевтикалық қызмет жөніндегі департаменті директорының орынбасары Ләззат Құсабғалиеваның айтуынша, мәселенің бұлай өрбуі денсаулық сақтау басқармасының уақтылы тапсырыс жасамауынан болып отырған көрінеді. Әзірше, ол «бұл проблеманы өз қадағалауымызға аламыз» дейді. Бірақ, нақ бүгінгі күнге дейін семейлік жүрек ауруымен сырқаттанатындарға қанша дәрі тегін бөлінді, оларды жеткізуді нақты кім жауапкершілікке алған, ол жағы белгісіз болып қалуда.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив