KZ
Өскемен
-1°
небольшая облачность Штиль
481.84 531.33 5.07

Вице-премьер бастаған делегация Шығыс Қазақстанда болды

4.03.2012, 18:00 214


Облысымызға іссапармен Үкімет басшысының орынбасары Ербол Орынбаев бастаған жұмыс тобы келді. Делегация мүшелерімен облыс Әкімі Бердібек Сапарбаев бірге жүрді.

Премьер-Министрдің орынбасары Ербол ОРЫНБАЕВ пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА іссапар аясында «Жұмыспен қамту – 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламаларының жүзеге асырылу жайымен, сонымен қатар, Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының бас-ты бағыты» атты биылғы Жолдауында көрсетілген тапсырмалардың орындалу барысымен танысуды мақсат етіп отыр.

Вице-премьер бастаған үкіметтік делегация алдымен ат басын Глубокое кентіндегі еңбекпен қамту орталығына тіреді. Олар орталық жұмысымен жете танысып, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының «Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» атты екінші бағыты аясында несие алған кредиттік ұйымдардың мүшелерімен кездесті.

Өткен жылдың шілде айында ашылған еңбекпен қамту орталығының директоры Дәулетхан Мыржықов пен Глубокое аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімінің бастығы Светлана Дударева Үкімет мүшелеріне өз жұмыстары жайында толық мәлімет берді. Айталық, былтыр орталық «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы шеңберінде 380 адамды еңбекпен қамтыған. Кәсіби оқытуға 138 адамды жіберіп, 127 әлеуметтік жұмыс орнын ашқан, 29 тұрғынға 60 миллион теңгенің шағын несиесін берген, 7 несиелік серіктестік құрған, мұнымен қоса өз ісін ашамын деген азаматтарға бағыт-бағдар көрсеткен. Нәтижесінде, аудандағы жұмыссыздар саны 160 адамға азайып, жалпы үлесі 0,2 пайызға кеміген.

Орталық мамандары осы жылы 158 адамға 368 миллион теңгенің несиесін беруді, 106 әлеуметтік жұмыс орнын құруды және жас-тар тәжірибесіне он адамды қатыстырып, 156 тұрғынды кәсіби дайындықтан өткізуді көздеп отыр. Бағдарлама нәтижесі көзге көрініп тұрғандықтан несие алуға ниет білдіргендердің саны ауданда артып келеді.

Осы жерде Үкімет басшысының орынбасары шағын несие алып өз кәсіптерін дөңгелетіп кеткен бір топ аудан тұрғынымен жүздесті. Солардың бірі – оралман Ерсін Әлмет екі миллион теңге несие алып, ірі қара өсіруде, қазір ол төрт адамға жұмыс беріп отыр. Ал Майрагүл Өскенбай несиеге іс тігу машиналарын сатып алған, ол да жерлестерін жұмысқа тартыпты. Қазір ұлттық киім-кешектерді тігіп, саудалауда, өнімі өтімді, сұраныс жетерлік. Кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламаның өңірде аса тиімді жүзеге асырылып жатқанын айтып, жеке істерін ашуға мүмкіндік берген осындай бағдарламаға бастамашы болған ел Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВҚА алғыстарын білдірді.

– Елбасымыз жұмыспен қамту Үкіметтің негізгі басым бағыттарының бірі екендігін айқындады. Бұл үшін «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы қабылданып, биылдан бастап жүзеге асырылуда. Қазіргі кезде Үкімет мүшелері осы бағытта қандай түйткілді мәселелер барын, бағдарламаның атқарылу барысын бағамдау үшін аймақтарды аралап жүр. Бүгін біз еліміздің Шығыс өңірінде бағдарлама өте белсенді жүзеге асырылып жатқанын көрдік, енді оны насихаттау ісіне ауылдық округ әкімдерін де жұмылдыру қажет, – деп атап өтті өз сөзінде Үкімет басшысының орынбасары Ербол ОРЫНБАЕВ.

Бұдан соң Үкімет басшысының орынбасары бастаған делегация облыс орталығында орналасқан «Алтай геологиялық-эколо-гиялық институты» серіктестігінде болды. Институт басшысы Ержан Сапарғалиев серіктестіктің негізгі қызмет бағыты жайында айтты. Кәсіпорын пайдалы қазбалардың кен орындарын барлаумен және өндіріс орындарының қоршаған ортаға тигізетін әсерлерін зерттеумен шұғылданады. Институт мамандарының негізгі бір жұмыс бағыты – табиғи минералдардан түрлі биологиялық белсенді қоспаларды өндіру.

Айталық, кәсіпорын Таған кен орнының топырағынан «Тағансорбент» емдік-профилактикалық препаратын шығарады. Ол адам ағзасын түрлі зиянды қалдықтардан, ауыр металдардан тазалап, асқазан жұмысын және зат алмасу қызметін қалыпқа түсіреді. Өнім бүгінде Шығыс Қазақстаннан бөлек Павлодар мен Қарағанды облыстарына және Алматы қаласына жөнелтілуде.

Үкімет мүшелері бұл жерде «Дәрілік минералды сорбенттер шығаратын, жеке шикізат базасы бар фармакологиялық зауыт құрылысы» жобасымен танысты. Табиғи минералдардан алынған, адам ағзасын сауықтыру қасиеті бар сорбенттер өндірісін 2014 жылы іске қосу жоспарлануда. Жоба құны – 250 миллион теңге. Былтыр жобаға 20 миллион теңге жұмсалған, осы жылға 90 миллион, ал 2013 жылға 70 миллион теңге қарастырылып отыр.

– Бұл біргей инновациялық жоба, оны кеңейту қажет, – деп баға берді Ербол ОРЫНБАЕВ жоспармен түбегейлі танысып шыққан соң.

Бүгін вице-премьер Өскемен қаласын-дағы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандардың жұмысымен танысады. Сапардың қорытындысы облыс әкімдігінде өтетін жұмыс кеңесінде шығарылады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив