KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 1,2 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Төрт ауылға тегін орнатылды

28.02.2012, 18:00 247


Ұлан аудандық әкімдігі тарапынан әлеуметтік жағынан аз қамтылған, мүмкіндіктері шек-теулі және жалғызбасты қариялардың отбасыларына қайырымдылық көмек ретінде бөлінген қаражатқа Тарғын ауылдық округіне қарасты Тарғын, Жоғарғы Тайынты, Манат, Жантас ауылдарына «ОТАU TV» телеарнасы тегін орнатылды.

Атап айтар болсақ, Тарғын ауылында көпбалалы Нарынбаевтар отбасына, Жоғарғы Тайынтыда жалғызбасты зейнеткерлер Шариповтарға, Манатта патронаттық тәрбиешілер Ашихминдерге, Жантас ауылында тыл ардагері, зейнеткер К.Нұрғалиеваға «ОTAU TV» телеарнасын тамашалау мүмкіндігі туды.
Аталған отбасы мүшелері көрсетілген қамқорлық үшін Ұлан аудандық әкімшілігіне алғыстарын айтып, еліміздің экономикасы жылдан-жылға арта беруіне тілектестіктерін жеткізді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив