KZ
Өскемен
+14°
туман жел 1 м/с, СБ
450.79 482.21 5.05

Баспалдақпен жүгіріп, бәйгелі болды

28.02.2012, 18:00 56


Нью-Йорктегі ең биік «Эмпайр-стейт-билдинг» ғимаратында баспалдақпен жүгіруден дәстүрлі жарыс болып өтті. Онда Томас Дольд есімді алман азаматы жеңіске жетіп, биылғы жылдың жүйрігі атанды.
Штутгарттық жігіт 1576 баспалдақты 10 минут 28 секундта бағындырған. Ал 2010 жылы Томас осы 86 қабатты 10 минут 10 секундта жүгіріп өткен екен. «Мен бұл жетістігіме ризамын, бәрін басып оздым» дейді жарқын жеңісі туралы әңгімелеген ол.
Ал әйелдер арасынан 42 жасар Мелисса Мун жеңіске жетті. Ол 2010 жылы да чемпион атанған еді. Мелисса жоғарғы қабатқа бар-жоғы 12 минут 39 секундта шығып үлгерген.
Жыл сайын елді дүрліктіретін бұл жарыс Нью-Йоркте 1978 жылдан бері өтіп келеді. Бір ғажабы, өкпе күйетін мұндай додаға қатысушылар қарасы жыл өткен сайын көбейіп келетін көрінеді. Биылғы таң қараңғысында өткен жарыста жасы бар, жасамысы бар 650 адам бақтарын сынапты.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив