KZ
Өскемен
+1°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

«Азия Авто Қазақстан» директоры: Автомобиль импортына шектеу қойылса, бізге қаржылық көмек көрсетілсе

2.05.2017, 18:00 217



Облыстық әкімдікте өткен көшпелі комиссия отырысында «Азия Авто Қазақстан» АҚ-ның бас директоры Ержан Мәндиев өздеріндегі жағдайды баян етті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Парламент Мәжілісінің депутаты, «Индустриялық даму» бағыты бойынша партиялық куратор Аманжан Жамалов өңірдегі кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында іске қосылған кәсіпорындарды оңалту бойынша қолға алынған мәселелерге тоқталып өтті.

– Өз қуатында жұмыс істемей тұрған кәсіпорындарды оңалту қажет. Шығыс Қазақстан – ел экономикасының драйвері, мұнда іргелі өндіріс орындары шоғырланған. Сондықтан Шығыстағы өнеркәсіп іркілмеуі тиіс, ол үшін түрлі мемлекеттік қолдау шараларын қарастыру керек, – деді Мәжіліс депутаты.

«Азия Авто Қазақстан» АҚ қазір экспортқа өнім шығаруды қолға ала бастаған. Отандық автомобил құрастыру зауыты Қытайға 700 автокөлік сатыпты, жыл соңына дейін тағы 3500 автокөлік жөнелтуді көздеп отыр.
-Десек те, ел ішіндегі тұтыну қабілеті төмендеген. Халық қаржылық дағдарысқа байланысты қазір отандық көліктерді бұрынғыдай көптеп сатып алып жатқан жоқ. Мәселені шешу үшін мемлекет тарапынан автонесиелендіру бағдарламасы әзірленіп, автомобиль импортына шектеу қойылса, өзге де қаржылық көмектер көрсетілсе, -деген өтінішін білдірді «Азия Авто Қазақстан» АҚ-ның бас директоры Ержан Мәндиев




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив