KZ
Өскемен
+17°
небольшой дождь жел 3,1 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

Семейдегі көпқабатты үйлердің бірінен газ шықты

6.02.2012, 18:00 111


Семейдегі көпқабатты үйлердің біріндегі тұрғынның кесірінен 10 қабатты үйге қауіп төнді, деп хабарлайды ТЖД не сілтеме жасаған Altaynews.kz тілшісі.

Оның алтыншы қабаттағы пәтерінде 27 литрлік тұрмыстық баллоннан газ шыққан. Соның салдарынан азаматшаның денесінің 50 пайызын күйік шалған. Қазір ол медициналық жедел жәрдем ауруханасында емделіп жатыр.

Абырой болғанда, өзге ешкім зардап шеккен жоқ. ШҚО ТЖД қызметкерлерінің айтуынша, өмірге қауіпті болғандықтан, газ баллондарын екінші қабаттан жоғары пәтерлерге орнатуға рұхсат етілмеген.

Дәрігерлер пәтерінде газ баллоны болған әйелдің денсаулық жағдайын ауыр деп отыр.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив