KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 1,2 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Өскемен тұрғындары ПИК-тердің жұмысына разы емес

5.02.2012, 18:00 261


Облыс орталығы тұрғындарының жартысынан астамы ПИК-тердің жұмысына разы емес, тұрғындардың үштен бір бөлігі көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын төмен бағалайды.

Азаматтардың көпшілігі кондоминиумдар мен тұрғын үй инспекцияларының жұмысына қатысты мәселелерге бас қатырмайды да. Бұл жуықта ШҚО талдау және болжау институты жүргізген әлеуметтік зерттеудің нәтижесі.

Маманждар жүргізген сауалдамада анықталғандай, тұрғындардың 20 пайыздан астамы – ПИК-тер үнемі халықтың мүддесін көздемейді, 18 пайызы – ешқандай баға бермеді, 8 пайызы – ПИК-тердің жұмысы пәтер иелерінің талабына жауап бермейді деп санайды. Өскемендіктердің 40 пайызы ғана ПИК басшылығына риза көрінеді. Жүргізілген зерттеу көрсеткендей, тұрғындардың басым бөлігі «кондоминиум», «тұрғын үй инспекциясы» деген ұғымдардан бейхабар екен. Қуантарлық мәлімет те жоқ емес. Зерттеуге сүйенсек, 2011 жылы Өскемен тұрғындарының 70 пайызы жылу, су, электр энергиясымен қамту қызметтерінің сапасын жақсы бағалап отыр. Осы көрсеткіш биылғы жылда да сақталады деген сенімдеміз.

Мәлiметтiң көзi: Қазақстан телеарнасы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив